Ссылки доступа

Қырғызстан Ұлттық банкі долларды шектеуді ұсынады


Қырғызстанда барлық төлемдер мен сауда ісі тек ұлттық валютамен жүргізілуі тиіс. Қырғызстанның Ұлттық банк төрағасы Толкунбек Абдыгулов баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді.

«Біз үкіметке барлық төлемдер тек ұлттық валютамен жүргізілетін тәртіп енгізуді талап етеміз. Қолданыстағы заңдарға сәйкес сом Қырғызстандағы жалғыз ресми төлем құралы болып саналады », - деді Ұлттық банк төрағасы.

Алдын Қырғызстан үкіметі шетелдік валютадан тәуелділікті қысқартатын жоба әзірлеу керектігін айтқан болатын.

XS
SM
MD
LG