Ссылки доступа

Ердоған: С-400-бен Түркия ұшағын ату - басқыншылық


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара Сирия әуе кеңістігін бұзған ұшақты Ресейдің зениттік зымыран кешені көмегімен атып түсірсе оны басқыншылық деп қабылдайтынын мәлімдеді. Бұл жайлы ол CNN телекомпаниясына берген сұхбатында айтты.

Ердоған бұған қоса оқиғаның бұлай өрбуі әбден мүмкін деп ойлайтынын да айтып, Түркия мұндай жағдайда "бірден шаралар қолданатынын" ескертті. Бірақ ол нақты қандай шаралар екенін ашып айтпады. Түркия президенті Анкараның аймақта жағдай шиеленіскенін қаламайтынын тағы да қайталаған. Оның сөзінше, бұған жауапкершілікті Сирия жағына шыққандар тартады.

Бұған дейін Түркия президенті өз елі әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіргені үшін кешірім сұрамайтынын мәлімдеген. Кешірімді біз емес, басқа тарап сұрауы тиіс" деді Ердоған. Түркиядан кешірімді Ресей президенті Владимир Путин талап еткен.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу британиялық Times басылымының бағанасына Анкара Су-24 ұшағын атып түсіргеннен кейін Мәскеумен қатынасындағы шиеленісті бәсеңсітуге тырысатынын және ол бойынша жұмыс жасайтынын жазған.

Ресей билігі 24 қарашада Түркия әскерилерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсірілуін "ту сыртынан соққы жасау" және "басқыншылық" деп атап, Түркияға қатысты шектеу шараларын жасап жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG