Ссылки доступа

Тәжікстанда қалыңдықтар ВИЧ-тестін тапсыратын болады


Тәжікстан үкіметі 27 қарашада Отбасы кодексіне өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасын бекітіп, парламент қарауына жіберді.

Егер парламент аталған заң жобасын қабылдайтын болса, онда некеге тұрар алдында азаматтарға медициналық тексеруден өту міндеттеледі. Бұл Вич-СПИД секілді жұқпалы аурудың алдын алады деп мәлімдейді тәжік билігі.

Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң жобасы бекітілген үкімет отырысы мемлекет басшысы Эмомали Рахмонның төрағалық етуімен өткен.

XS
SM
MD
LG