Ссылки доступа

Қырғыз теологына шабуыл жасағандарға халықаралық іздеу жарияланды


Қырғызстан билігі дінтаушы Кадыр Маликовқа шабуыл жасағандарға қарсы қозғалған қылмыстық істі «бұзақылықтан» «шабуыл» бабына ауыстырды.

Қырғызстанның ішкі істер министрі Кадыр Маликов ісін «шабуыл» деп қайта ауыстырып, оған қастандық жасағандарға қарсы халықаралық іздеу жариялады. Бұл жөнінде аталған мекеменің ІІМ хабарлады.

ІІМ мәліметі бойынша, бастапқыда 234 бап бойынша («Бұзақылық») қылмыстық іс қозғалған. Алайда, тергеу ісі басталған соң, күдіктілердің кім екенін анықтаған соң, іс Қылмыстық кодекстің 28-294 бабына («Мемлекеттік немесе қоғам қайраткеріне жасалған қастандық») ауыстырылған.

Кадыр Маликов 26 қарашада өзінің үйінің жанында төбелес кезінде бірнеше жеріне пышақ сұғылып, ауыр жарақат алған. Ол «Дін, құқық пен саясат» аналитикалық орталықты басқарады. Діни экстремистер мен тәкфиршілерді қатты сынап келеді.

Кадыр Маликовтің өзі шабуыл жасағандардың «Аллах Акбар» деп айқайлағанын айтады.

XS
SM
MD
LG