Ссылки доступа

ССРО-ға шегініс - Душанбедегі ЦУМ қайта мемлекеттік болды


Душанбенің экономикалық сотының шешімі бойынша халық арасында «ЦУМ» деген атаумен әйгілі «Орталық универсалды дүкен» акционерлік кәсіпорыны мемлекеттің қарамағына өтті.

Бұл сауда орталығы 1993 жылдан 2003 жылға дейін он жыл аралығында біртіндеп акционерлік қоғам болып өзгертілген. Акция аталған мекеменің бір қызметкеріне тиесілі болған. Алайда Тәжікстанның мемлекеттік мүлік және инвестициялау жөніндегі Комитет пен "Фурушгохи маркази" акционерлік қоғамы арасындағы дау бірнеше жылға созылып келген.

Билік сауда үй заң бұзушылықпен жекешеленген деп есептейді. Олар жекешелендіру туралы сот шешімі белгілі күштердің қысымымен шыққан дейді.

ЦУМ 1960 жылдары салынған. Совет одағы құлағаннан кейін де Тәжікстандағы ірі сауда орталығы болып қалды.

XS
SM
MD
LG