Ссылки доступа

Тәжікстан Қырғызстанға Сирияға тартқан күдіктіні экстрадициялады


Тәжікстан Сирияға радикалды топтардың қатарында соғысуға тартқан екі қырғыз азаматын отанына қайтарды. Бұл жөнінде 30 қарашада Қырғызстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қырғызстанның екі азаматы Жахонгир Курмишев пен Каныбек Миймановтарды 29 қарашада екі елдің прокуратурасының бірілескен жұмыстарының арқасында экстрадицияланған.

Крумишев пен Мийманов Тәжікстан ІІМ-нің ақпараты бойынша, төрт тәжік азаматын Сирияға соғысуға тартқан, алдымен олардың жалған құжатпен Бішкекке жеткізбек болған. Ол жақтан Манас әуежайы арқылы Түркияға жібермек болған.

XS
SM
MD
LG