Ссылки доступа

Рахмон: Тәжікстан климаттың өзгеруінің салдарын көріп отыр


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон дүйсенбі күні Парижде суға қатысты табиғат апаты Тәжікстанның экономикасына миллиондаған доллар шығын әкелді деді. Ол сонымен бірге көптеген адам шығыны болғанын да айтты.

Рахмонның сөзінше, температураның жоғарылауынан соңғы 30 жылда Тәжікстанның 14 мыңға жуық мұздығының мыңға жуығы жойылып кеткен.

Тәжікстан басшысы гидроэнергетикалық нысандардың салынуы табиғат апаттарының төмендеуіне әкелетінін айтып, бірақ соңғы жылдары Рогун ГЭС құрылысына Өзбекстанның кедергі келтіріп отырғанын тілге тиек етті.

XS
SM
MD
LG