Ссылки доступа

АҚШ ИМ-мен күресу үшін Иракқа арнайы жасақ жіберуде


Құрама Штаттар Иракқа шұғыл әскери тобын орналастырып жатыр. Бұл — Ирак пен күрд әскерлеріне «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен күресу үшін қолдау білдіру мақсатында.

Осылай деп сейсенбі күні Конгресте АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер мәлімдеді. Оның сөзінше, Иракқа әскер жіберудегі мақсат содырлардың лидерін тұтқындау үшін рейд жүргізу, тұтқындарды босату.

Әскердің жалпы санын Пентагон айтпады. Бірақ қажет болған жағдайда әскерлерді Сирияға арнайы операцияға жіберілетінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG