Ссылки доступа

Қырғызстанда өсімдік майы мен қант бағалары қымбаттаған


Қырғызстанда соңғы айларда қант пен өсімдік майының бағалары қымбаттаған.

Бұл жөнінде экономика министрлігі, стратегиялық зерттеулер ұлттық институты және БҰҰ-ның бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы әзірлеген «ҚР азық-түлік қауіпсіздігі үшін баға мониторингі» бюллетінінде айтылады.

Құжатта қазан айында тауарлардың бөлшек сауда бағасы тұрақты болғаны келтірілген. Тіптен көкөністердің бағасының түскені байқалған. Бұл биылғы өнімнің көп түскенімен байланысты болған.

Ал керісінше, қант пен өсімдік майының бағасы 3 және 5 пайызға көтерілген. Қара-Балта, Қаракөл және Жалал-Абад қалаларында сүт, жұмыртқа, картоп, өсімдік майының құны қымбаттаса, Нарын, Токмак және Ош қалаларында ет, көкөніс, жеміс-жидек бағалары айтарлықтай түскен екен.

XS
SM
MD
LG