Ссылки доступа

АҚШ НАТО-ның кеңеюі Ресейге қауіп төндірмейді деді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри НАТО-ның кеңеюі Ресейге, не болмаса қандай да бір елге қарсы бағытталмаған деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Reuters хабарлайды. Оның сөзінше, альянс ешкімге қауіпті емес.

Керри мәлімдемесін 2 желтоқсанда Черногория НАТО-ға ресми шақырылғаннан кейін жасады.

Ресей билігі бұл шешімге теріс баға берді. Мәскеу Черногория НАТО құрамына кірген жағдайда, барлық бірлескен бағдарламадан бас тартатынын айтқан. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «НАТО-ның жалғастырып жатқан экспансиясына Ресейдің жауап ретінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуі мүмкін емес» деді.

XS
SM
MD
LG