Ссылки доступа

Адвокатқа Умарали Назаровтың өлімі жайында айтуға тыйым салған


Петербор ауруханасында қайтыс болған тәжік баласы Умарали Назаровтың ата-анасының адвокатына іс барысын жариялауға тыйым салған.

Адвокат Юрий Серов бес айлық Умарали Назаровтың өлімі жайында алдын ала тергеу ісін жария етпеу жөнінде құжатқа қол қойғанын мәлімдеді.

Қылмыстық іс «кәсіби міндеттерін орындау барысында абайсызда өлімге әкелді» деген бап бойынша қозғалған.

Умарали Назаров 13 қазанда ата-анасын миграциялық заңды бұзды деп уақытша абақтыға қамап, сәбиді балалар емханасына жібергеннен кейін қайтыс болған. Тәжікстан және Ресейде көпшіліктің наразылығын туғызғаны - сәбидің өлімі вирусты инфекциядан болған деген талдау қорытындысының нәтижесі. Ата-анасы сәбилері бұған дейін ешқандай аурумен ауырмаған, дені еді дейді.

Қараша айының ортасында сот шешімімен Умаралидің анасы Зарина Юнусова Ресейден Душанбеге депортацияланған болатын. Ол өзімен бірге отанына сәбиінің денесін де алып кетті.

XS
SM
MD
LG