Ссылки доступа

Тәттібүбү Сәмидин Қырғызстан атынан «Әлем аруы-2015» байқауына қатысады


Тәттібүбү Сәмидин Қытайдың Хайнань аралында өтетін «Әлем аруы-2015» байқауына қатысады.

Байқау 13 желтоқсанда басталып, 19 желтоқсанда аяқталады.

Байқаудың ресми сайтында көрсетілгендей, Тәттібүбү 20 жаста. «Cosmolady» журналында редактор болып жұмыс істейді. Болашақта өзінің жеке киім үлгілерін шығарғысы келеді екен, сонымен бірге саяси амбициясы да жоқ емес.

Мұнан басқа Тәттібүбү волейболмен шұғылданады екен, биді жақсы көретінін әрі қырғыздың дәстүрлі билерін тамаша орындайтынын айтқан. Классикалық музыканы тыңдағанды жақсы көреді екен.

XS
SM
MD
LG