Ссылки доступа

Полиция Калифорнияда болған атысқа қатысты күдіктілерді атады


АҚШ-тың Калифорния штаты Сан-Бернардино қаласында мүгедектерге көмек беру орталығында орын алған атыста екі күдікті сол жерде қаза тапқан. Сәрсенбі күні болған атыстан 14 адам қаза тауып, 17-сі жараланған.

Полиция қаза тапқан екі күдіктінің кімдер екенін анықтаған. Олар — 28 жастағы жергілікті тұрғын Саед Фарук және 27 жастағы Ташфин Малик. Өздерінде көп қару-жарақ болғаны айтылады.

Reuters келтірген мәліметке сәйкес, Саед Фарук мүгедектер орталығында болатын кездесуде қатысушы ретінде тіркелген. Ол сол жерде адамдарға қарсы ашық оқ жаудырған.

Шабуыл жасағандар саны үшеу деп хабарланады. Үшіншісі іздестіру үстінде. Федералды барлау бюросы оқиғаның теракті екенін жоққа шығармайды. Алайда, оқиға әлі зерттелуде.

XS
SM
MD
LG