Ссылки доступа

Тәжікстанда рұқсат етілетін біріңғай есімдердің тізімі жасалатын болады


Тәжікстанның үкімет жанындағы терминология және тілдер жөніндегі комитет ұлтық есімдердің біріңғай тізімін ұсынатын болады. Бұл жаңа туған сәбидің есімін, тегін тіркеу кезінде басты құжатқа айналады.

Тізімге 5 мыңға жуық тәжік есімі енеді екен. Комитет өкілі Абдурахим Зулфонияннің айтуынша, қазір ел арасында жиі кездесетін жайсыз естілетін және қабылдауға жат есімдер тізімнен алынып тасталады.

Алдын Тәжікстанның әділет министрлігі азаматтардың хал актілері жөніндегі заңға өзгерістер енгізіп, есімдерге "молда", "халифа", “төре”, ”қожа”, “шейх”, "әмір" деген қосымшалар қоюға тыйым салуын ұсынған. Себебі бұл қосымшалар қоғамға жік салады дейді.

XS
SM
MD
LG