Ссылки доступа

Түркия мен Әзербайжан газ құбыры құрылысын тездетеді


Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Анкара мен Баку Транс-Анадолы (TANAP) газ құбырының құрылысын тездететіні жөнінде мәлімдеді.

3 желтоқсанда Әзербайжан астанасы Бакуде сөйлеген сөзінде Давутоглу екі елдің мақсаты — газ құбырының жобасын 2018 жылға жоспарланған мерзімнен ерте аяқтау. TANAP Еуропалық одақ қолдайтын оңтүстік газ коридоры. Бұл газ құбыры салынып бітсе, Еуропаның Ресейге деген тәуелділігін азайтады.

Жобаның жалпы құны 10 миллиард доллар. Оның мақсаты – Оңтүстік Кавказдағы қолданыстағы газ құбырына қосып, әзербайжан газын Грузия арқылы шығыс Түркияға жеткізіп, Түркиядан ЕО елдеріне тасымалдау. Жалпы қашықтығы — 1850 шақырым.

XS
SM
MD
LG