Ссылки доступа

Ресей Орталық Азияға тасымалданатын түрік тауарларына тосқауыл қойып жатыр


Жүздеген жүк көлігі ресей-грузия шекарасындағы «Казбек-Верхний Ларс» өткізу бекетінде кептеліп тұр. Тауар тиелген көліктің бәрі Түркиядан Ресей арқылы Орталық Азияға қатынайды.

Көкөніс, жеміс-жидек және тұтыну тауарлары тиелген түріктің жүк көліктері негізінен Қазақстан мен Қырғызстанға жол тартқан. Жүргізушілердің айтуынша, ресейлік шекара қызметі оларды 26 қарашадан бері себепсізден ұстап тұр.

Шекара бекетінде бірнеше күннен бері тұрып қалған қазақстандық Рузимет Ахмедов ресейлік шекарашылар не үшін ұстап тұрғандарын түсіндірмейді дейді. «Бірнеше күннен бері ашпыз, жақын маңда тамақтанатын орын жоқ, қымбат жанармайды жағып жылынуға мәжбүрміз»,-дейді Рузимет Ахмедов.

Әзірге Қырғызстан және Қазақстан үкіметі бұл жайдан хабары бар ма, жоқ па, белгісіз.

Ресей Түркиямен СУ-24 ұшағы атып түсірілгеннен кейін қарым-қатынасты бірден үзді. Алайда, Қырғызстан, Қазақстан және Беларусьтің Түркиямен экономикалық қарым-қатынасы туралы мәселе болған емес.

XS
SM
MD
LG