Ссылки доступа

Оралда белсенді Біләловті қолдап акция өткізді


Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының белсендісі 24 жастағы Азамат Мұханов 4 желтоқсанда Астанадағы құқық қорғаушы Болатбек Біләловті қорғап акцияға шықты.

Біләлов өткен айда құқық қорғаушылар тарапынан тұтқындалған болатын. Оған қатысты әлемуеттік желілерде ұлт-араздықты қоздырды деген айып тағылып, тергеу ісі жүріп жатыр.

Белсенді Мұханов акцияны Орал әкімдігі маңындағы Абай алаңында өткізген. Қолына «Құқық қорғаушы Болатбек Біләловке бостандық!» деген жазуы бар плакат алып шыққан. Ол сонымен бірге дәл сондай ұлт араздықты қоздырды деген баппен айыпталып жатқан Серікжан Мамбеталин мен Ермек Нарымбаевқа да қолдау білдіретінін айтқан.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Астанадан Болатбек Біләловті, Ермек Нарымбаевты және Серікжан Мамбеталинді босатуларын талап еткен.

XS
SM
MD
LG