Ссылки доступа

Тәжікстан: ИМ жалауын тіккені үшін 27 жылға дейін түрме жазасы


Тәжікстанда Хатлон соты Шахрит ауданының жеті тұрғынын тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының жалауын тіккені үшін жеті жылдан 27 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған.

Хатлон областық сотының судьясы Зубайдулло Махмудзода үш адамға кәмелеттік жасқа толмағандары үшін «жұмсақ» жаза кесілді дейді.

20 жастан жоғары қалған төрт сотталушыға негізгі айып тағылған.

Үстіміздегі жылдың тамыз айында Шахрит ауданының Ленинобод елдімекенінің бір топ жастары Исмоил Сомони ескерткішіне «Ислам мемлекеті» тобының туына ұқсайтын қара жалауды тіккені үшін ұсталған болатын.

XS
SM
MD
LG