Ссылки доступа

Керри: Нью-Йоркте Сирия бойынша келіссөз өтеді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирия жанжалын реттеу жөніндегі жаңа келіссөздер желтоқсан айында Нью-Йоркте өтетіні туралы хабарлады.

Ол бұл туралы Вашингтонда өткен АҚШ-Израиль форумында мәлімдеген.

Керридің сөзінше, келіссөздерге қатысатын делегация құрамын анықтаған Сирия оппозициясы билікті ауыстыру қажеттігі туралы АҚШ-тың ұсынысымен келіскен Ресей және Иранмен бірге қатысуға әзір екенін білдірген. АҚШ тарабының айтуынша, келіссөздер мақсаты - Сирияда алты айдың ішінде сенімді инклюзивтік үкімет құру туралы ортақ мәмілеге қол жеткізу.

«Бұл процеске жаңа конституцияны және халықаралық бақылаушылардың қадағалауымен бір жарым жылдың ішінде сайлау механизмін әзірлеу кіреді» деген Джон Керри.

XS
SM
MD
LG