Ссылки доступа

Мәскеуде Шыңғыс Айтматов атындағы саябақ ашылды


Мәскеудің Данилов ауданында, Люсиновский мен Большой Серпуховский көшелерінің қиылысында жазушы, әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовқа арналған саябақ ашылды.

Бұл жөнінде Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2015 жылы қазан айының басында Мәскеудегі Қырғызстан елшісі Болот Жунусов Ресей билігінен Айтматов атындағы саябақ ашу жөнінде өтініш білдірген.

Қазан айының соңында Мәскеу қалалық мекемеаралық комиссияның саябақ ашу жөніндегі арнайы шешімі шыққан.

XS
SM
MD
LG