Ссылки доступа

Тәжікстандағы күшті жер сілкінісінен бір адам қаза тапты


Желтоқсанның 7-де Тәжікстанда болған күшті жер сілкінісінен бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Вандж – Душанбе жолында, тастар жолдағы көліктерді ысырып тастағанда орын алған.

Жерасты дүмпуінің қуаты 7,2 балл болған Таулы- Бадахшан автономды облысында ондаған үйлер мен мекемелер қирап қалған. Бұзылған үйлерді есепке алатын мемлекеттік комиссия құрылған.

Бұл Тәжікстан аумағында соңғы бір жарым айдың ішінде орын алып отырған үшінші қатты жер сілкінісі.

XS
SM
MD
LG