Ссылки доступа

Ташкентте "күдікті адамдарды" тұтқындау басталды


Өзбек полициясы
Өзбек полициясы

Өзбекстанда соңғы уақыттарда құқық қорғау органдары тарапынан жеке азаматтарды тұтқындау оқиғасы жиілеп кеткен. Өзбек милиция қызметкері әрбір бөлімшеге кемінде жүздеген күдікті адам ұстауға тапсырма берілгенін айтады.

«Тұтқындау және тергеу жөніндегі қаулы терроризммен күрес жөніндегі бөлімге тапсырылады», - дейді Ташкент облысы Зангиатин ауданының ішкі істер органының қызметкері.

Құқық қорғау қызметі өкілдерінің сөзінше, күдікті танылғандар қатарына діни экстремизм және терроризмге жақын деп саналған адамдар жатады. Азаттықтың өзбек қызметінің бақылауынша, тұтқындаулардың көбі негізінен жұма күнгі намаз уақытында орын алады.

Қарашаның 3-нен бері Ташкенттің барлық күш құрылымдары және әскери гарнизондары казармалық жағдайға көшкен.

XS
SM
MD
LG