Ссылки доступа

АҚШ Украинағы тағы 300 миллион доллар бөлуге дайын


Украина президенті Петр Порошенко АҚШ вице-президенті Джо Байденмен келіссөздерден соң. Киев, желтоқсанның 7-сі, 2015 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко АҚШ вице-президенті Джо Байденмен келіссөздерден соң. Киев, желтоқсанның 7-сі, 2015 жыл.

АҚШ Украинаның қауіпсіздігін дамытуға тағы 300 миллион доллар бөлуі мүмкін. Осылай деп АҚШ вице-президенті Джозеф Байден Киевте мәлімдеді.

Оның сөзінше, АҚШ Конгресі арнайы заң жобасын әзірлеп жатыр. «Әзірге әлі толық қабылданбады, бірақ қабылданады деп үміттенемін», - деп мәлімдеді Дж. Байден Украина премьер-министрі дүйсенбі күні Киевте Арсений Яценюкпен бірге өткізген баспасөз мәслихатында.

Байден украин билігі экономикалық ілгерілеу жүруін қамтамасыз ету үшін, халықаралық валюта қоры ұсынған кеңестермен жұмыс істеп, ынтымақтастықты нығайтуы керек, тарихи мүмкіндіктерді пайдаланып қалуы тиіс - деп мәлімдеді .

XS
SM
MD
LG