Ссылки доступа

АҚШ: сириялық әскерге ресейлік ұшақтар соққы жасаған


Пентагон «Дайр-уз-Заур қаласындағы сириялық әскердің лагеріне ресейлік бомбалаушы ұшақтардың шабуыл жасағанына сенімді».

Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрлігінің аты-жөнін айтпаған жоғары шенді өкілі мәлімдеді.

Мұның алдында ресми Дамаск АҚШ бастаған коалицияны жекесенбіге қараған түнде, әскери лагерьге әуеден шабуыл жасады, нәтижесінде 3 сириялық жауынгер қаза тауып, он үші жараланды деп айыптаған еді.

АҚШ өз кезегінде коалиция ұшақтарының әскери лагерьден 55 шақырым жердегі ИШИМ топтарына қарасты мұнай кеніштеріне төрт мәрте әуеден соққы бергенін уәж етіп, айыптауларды жоққа шығарды.

Ақпарат агенттіктері сілтеме жасаған Пентагондағы беймәлім дереккөздің сөзінше, радарлардың көрсеткіштеріне қарағанда, соққыны базасы Моздокта орналасқан ресейлік Ту-22 бомбалаушы ұшақтары жасаған.

XS
SM
MD
LG