Ссылки доступа

Қырғызстанда мерейтой шараларын өткізу тәртібі қайта қаралмақ


Қырғызстан үкіметі мерейтой шараларын өткізу форматын қайта қарайды. Бұл туралы мемлекеттік орган басшыларымен кеңесте вице-премьер-министр Гүлмира Құдайбердиева мәлімдеді.

«Бірінші кезекте халық пен мемлекет үшін маңызды тарихи оқиғаларға басымдық беру керек», - деді вице-премьер.

Оның сөзінше, мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі мен өзге мемлекеттік органдар түрлі мерейтойларға көп уақыты мен қаржыны шығындайды.

Құдайбердиеваның дерегінше, 2016 жылы мәдениет министрлігі 75 мерейтой шарасын өткізуді жоспарлаған. Алайда вице-премьер бұл тізімді үкімет қарауына ұсынып, тек жалпыұлттық мәні бар шараларды ғана қалдыруды тапсырды.

Вице-премьер мәлімдегендей, ондай шаралар қатарына Қырғызстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, атақты ойшыл Жүсіп Баласағұнның 1000-жылдығы және 1916 жылғы оқиғалардың 100-жылдығы жатады.

XS
SM
MD
LG