Ссылки доступа

Қырғызстанның шекара қызметі: қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақты


Kyrgyzstan-Tajikistan. Kyrgyz border guards at the border. 06/07/2015

Kyrgyzstan-Tajikistan. Kyrgyz border guards at the border. 06/07/2015

Қырғыз-тәжік шекарасының екі ел азаматтары арасында бірқатар шиеленіс болған бөлігіндегі жағдай бірқалыпты. Бұл туралы Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құзырлы органның дерегінше, желтоқсанның 7-і күні, сағат шамамен 19.00-де Баткен ауданының Кочобою ауылының шетінде белгісіз біреулер Тәжікстан азаматына тиесілі автокөлікті таспен атқылап, көліктің жарық шамдарын сындырған.

Оқиғадан шамамен бір жарым сағат өткенде, белгісіз жандар Тәжікстан азаматының үйіне және С.Ганы атындағы қырғыз орта мектебіне тас жаудырған. Мектептің екі терезесі шағылған және тәжік азаматының үйінің шатыры зақымданған.

Шекара қызметі бұл оқиғалардың қырғыз-тәжік шекарасының белгіленбеген бөлігінде болғанын хабарлайды. Мұнда Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтарының қоныстары шахматтық үлгіде орналасқан.

Қазір қос тараптың құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаға қатысты күдіктілерді анықтау, іздестіру жұмыстарымен айналысуда.

Шекарашылар екі елдің тәртіп саұшыларымен бірге бұл төңіректі шолуда.

XS
SM
MD
LG