Ссылки доступа

ХВҚ қарызын қайтармаған елдерге несие бермеу туралы тиымын алып тастады

Ukraine -- Ukrainian President Petro Poroshenko and International Monetary Fund (IMF) Managing Director Christine Lagarde visit the exhibition of fifty inventions bestowed by Ukraine to the world at Ukraine's Presidential Executive Office in Kyiv, Septemb

ХВҚ дербес қарызын қайтаруды кешіктірген елдерге несие беруге тиым салған шешімін тоқтатты. Қордың директорлар Кеңесі бүгінгі отырысында осындай ұйғарымға келген. Бұл туралы ХВҚ ресми өкілі Джерри Райс мәлімдеді.

Ресей қарсы дауыс берген. Бұл жөнінде Вашингтондағы ТАСС тілшісіне ХВҚ ресейлік дирекциясының өкілі хабарлады.

Қабылданған шешім ХВҚ-ның Киев Ресейдің алдындағы қарызын өтеуді кешіктірген күннің өзінде де, Украинаға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыра беретінін білдіреді. Дегенмен бұл ұйғарымның дербес қарызы болса да, Қордың несие қолдауына ие болған елдерге де қатысы бар.
Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов ХВҚ-ның дербес қарызын қайтаруды кешіктірген елдерге несие беруге тиым салу шешімін алып тастау, Ресейдің мүддесіне нұқсан келтіретінін айтып, «бұл Киевке қарызын төлемеуге заңды түрде рұқсат беру мақсатында жасалды», -деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG