Ссылки доступа

Бартанг өзеніндегі су деңгейі жер сілкінісінен кейін 5 см-ге көтерілді (видео)


Sarez 14 августи 2011

Sarez 14 августи 2011

Тәжікстанда желтоқсанның 7-сі күні алапат зілзаладан кейін Сарез көлі маңындағы жағдайды анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Радио Озодиға желтоқсанның 8-де Тәжікстан үкіметі жанындағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі Комитеттің өкілі Ориф Нозимов хабарлады.

Оның мәліметінше, Бартанг өзені алабының кейбір бөлігінде тастар құлап, бірнеше жерде өзен арнасын бітеп қалған, нәтижесінде өзендегі су деңгейі 5 см-ге көтерілген.

Желтоқсанның 7-де жергілікті уақыт бойынша 12.50-де Тәжікстанда магнитудасы 7,2 жеткен күшті жер сілкінісі болды.

Соңғы дерек бойынша 2 адам зілзала құрбаны болды, 13 адам жарақат алған, оның үшеуі қазір ауыр халде. Билік орындары жер сілкінісінен 500-ден астам үйге зиян келгенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG