Ссылки доступа

SG: ИМ-де шетелдіктер екі есеге көбейген


Жаңа есеп бойынша, ислам тобының, соның ішінде «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының құрамына кірген шетелдік содырлар саны соңғы бір жарым жылда екі есеге көбейген.

Soufan Group нью-йорктік агенттіктің мәліметі бойынша, барлау жасап, жаңа адамдарды топтың құрамына кіргізумен негізінен араб елдері айналысады. Құжатта Батыс Еуропа және бұрынғы Совет одағы елдерінің, оның ішінде Шешенстан мен Дағыстан және Орталық Азия азаматтары көбейгендігі айтылады.

Құжат авторларының мәлімдеуінше, бес мыңға жуық көтерілісші Еуропалық Одақ елдерінен келген.

XS
SM
MD
LG