Ссылки доступа

ЕҚЫҰ: Қырғызстан экономикасының 48%-ы сыбайлас жемқорлық пен қымбат салықтың кесірінен көлеңкеде қалуда


Central Asia - Sergei Kapinos head of the OSCE mission in Kyrgyzstan

Central Asia - Sergei Kapinos head of the OSCE mission in Kyrgyzstan

2014 жылы Қырғызстандағы көлеңкелі экономиканың көлемі 48%-ға жеткен, ақшалай түрде ол 143,6 миллиард сомды құрайды.

Бұл туралы Бішкектегі ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Сергей Капинос үкімет жанындағы жемқорлыққа қарсы кеңес жиынында мәлімдеді.

Оның сөзінше, кәсіпкерлердің табысын жасыруына ең алдымен, салықтың тым қымбат болуы, жемқорлық, тиімсіз салық жүйесі мен заңдардағы олқылықтар себепші.

Капинос сонымен бірге, зерттеу нәтижесінде ел экономикасының көлеңкелі тұсы шарықтау шегіне 1998-2001 жылдары жеткенін атап өтті. Ол кезде заңсыз өндіріс көлемі ЖІӨ 58%-н құраған.

ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Қырғызстанның бюджеті республика экономикасының бір бөлігінің заңсыз жұмыс істегендінің кесірінен осы уақытқа дейін алты миллиард доллардан астам табыстан қағылды деп санайды. Оның өзінше, бұл соманың жартысының өзі елдің сыртқы қарызын өтеуге жетер еді.

XS
SM
MD
LG