Ссылки доступа

Кремль мессенджерлерге шектеу қойғаны туралы ақпарды жоққа шығарады


Generic --- Iphone apps

Generic --- Iphone apps

Кремль мәліметтерді жылдам тарату жүйелеріне, яғни «мессенджерлерге» қарсы ешқандай шектеу қоюды жоспарламағанын мәлімдеді.

Сәрсенбі күні журналистермен тілдескен Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл мәселенің талқыланып жатқанын, алайда өзінің білуінше ол жерде шектеу туралы мәселе көтерілмегенін және бұған президент әкімшілігі тапсырмаларының еш қатысы жоқтығын айтты. «Интерфакстың» таратуынша, Песков мессенджерлерге қандай да бір шектеу қоюдан өз басына да көптеген қолайсыздықтар туатынын мәлімдеген.

Бұған дейін сәрсенбі күні «Ведомости» газеті Ресейде хабарлама алмасу жүйелерін бақылауды күшейтетін заң жобасының дайындалғаны туралы жазған еді.

Құжатта мессенджерлердің Ресейде тек байланыс операторларымен келісімшарт негізінде жұмыс істеуге және өз жұмыстары туралы Роскомнадзорға хабарлап отыруға міндетті екені жайлы жазылған.

Дереккөздердің пікірінше, заң жобасын Роскомнадзор Кремльдің нұсқауымен әзірлеген.

XS
SM
MD
LG