Ссылки доступа

Генерал Назарзоданың бауыры бүліктен кейін үш айдан соң ұсталды


Tajikistan -- Abduhalim Nazarov (Hoji Halim), colonel of the Ministry of Defense of Tajikistan (M), 16Jan2013
Tajikistan -- Abduhalim Nazarov (Hoji Halim), colonel of the Ministry of Defense of Tajikistan (M), 16Jan2013

Күш құрылымдарындағы дереккөз Радио Озодиға Джамол Назаровтың тәжік астанасының іргесіндегі Рудаки ауданы тұрғынының үйінде ұсталғанын хабарлады.

Тәжікстанның бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары, генерал Абдухалим Назарзоданың (Ходжа Халим) 39 жастағы бауыры –Джамол желтоқсанның 8-де ұсталған. Генералдың алты бауырының біріне биылғы жылдың қыркүйектің 4-і күнгі бүліктен кейін іздеу жарияланған.

Бұған дейін ол қыркүйек оқиғалары кезінде қаза табуы мүмкін деген жорамалдар айтылған еді. Тағы бір болжам бойынша, ол Ресейге қашып үлгерген. Алайда оның осы уақытқа дейін тәжік астанасының шетіндегі бұрынғы Рудаки ауданында бой тасалап жүргені мәлім болды.

Күш құрылымдары Назарзоданың бауыры жақын күндері Тәжікстан аумағынан заңсыз кетпек болған деп отыр.

Абдухалим Назарзоданың туыстары оның ұсталғанын растады, сонымен бірге оның Тәжікстан МҰҚК тергеу абақтысында отырғанын және оған ешкімді кіргізбегенін айтты.

Ресми биліктің дерегінше, Ходжа Халимның алты бауырының ішінде үшеуі - Мирзокарим, Абдурахим және Мирзохаёт Ходжа Халим тобымен Ромит сайындағы келіссөздер барысында өлтірілген.

Джамол және Салим есімді екі бауырына іздеу жарияланған. Салимнің тағдыры әзірге белгісіз. Ходжа Халимның алтыншы бауыры Голиб ұзақ жылдан бері Ресейде тұрып жатыр және билік әзірге оны тұтқындау қажеттігі туралы мәлімдеген жоқ.

XS
SM
MD
LG