Ссылки доступа

Цукерберг Facebook-те мұсылмандарды қорғауға уәде берді


Facebook басшысы Марк Цукерберг мұсылмандарға оларды әлеуметтік желіде орынсыз сынау мен айыптаудан қорғауға уәде беріп, үндеу жариялады.

Таяуда Париж бен Калифорния штатындағы радикалды исламшылдардың шабуылын және АҚШ президенттігіне сайлауға түсуге кандидат Дональд Трамптың мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеу туралы ұсынысын айтқан Цукерберг мұсылмандардың "басқа адамдардың іс-әрекеті үшін" қуғындауға ұшырауы мүмкін екенін айтты.

"Мен біздің әлеуметтік желіде тіркелген барлық мұсылмандарға олардың барлығын қолдайтынымызды және сіздердің құқықтарыңыз үшін бірге күресетінімізді, сздер үшін барынша бейбіт әрі қауіпсіз жағдай тудыруға тырысатынымызды айтқым келеді" деп жазды Цукерберг.

Ол бұған қоса ата-анасы өзін кез-келген қауымға орынсыз соқтығуға қарсы тұруды үйреткенін айтады. "Тіпті бұл соқтығысу қазір сіздерге қарсы болмаса да, еркіндікке соққы береді" деп мәлімдеді Цукерберг.

XS
SM
MD
LG