Ссылки доступа

АҚШ: «Ислам мемлекеті» ұйымының басты қаржыгерінің көзі жойылды


Америкалық әскерилер әуе соққының нәтижесінде «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымының қаржы директоры өлді деп хабарлайды.

АҚШ қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, полковник Стив Уоррен 10 желтоқсанда, Абу Салах және ИМ-нің екі жоғары лауазымды басшылары әуе соққының нәтижесінде қайтыс болды деп мәлімдеді.

Уоррен Абу Салахты «көтерілісшілердің қаржы желісін басқарып отырған тәжірибелі адамдардың бірі» деп атады.

«Ислам мемлекеті» 2014 жылдың маусымында Сирия мен Ирак аумағына кірген экстремистік топ. АҚШ басқарып отырған халықаралық коалиция бір жылдан астам ИМ-ге қарсы әуе соққысын жасап келеді.

XS
SM
MD
LG