Ссылки доступа

Cауд Аравиясында 19 әйел жергілікті кеңестерге мүше болуы мүмкін


Сауд Аравиясында желтоқсанның 13-де өткен жергілікті билік органдарына сайлаудың алдын-ала қорытындысы, кем дегенде 19 әйелдің жеңіске жетуі мүмкін екенін көрсетіп отыр.

Бұл - әйелдерге дауыс беруге және үміткер ретінде қатысуға рұқсат етілген елдегі тұңғыш сайлау. Озық шыққан үміткерлер арасында ең ірі қаладан бастап, Меккенің төңірегіндегі шағын ауылдар секілді елдегі 10 өңірден шыққан әйелдер бар.

Сайлауға 1,35 миллион ер адамның қатысу мүмкіндігі болды, сайлау учаскелеріне олардың 600 мыңы келген. 130 мың әйелдің 82 пайызы немесе 106 мың нәзік жанды дауыс беру құқығын пайдаланған. Тек бірнеше әйел өңірлік кеңестерге өту мүмкіндігіне ие деп болжанса да, бұған дейін әйелдер сайлауға мүлдем қатыспаған ел үшін мұндай нәтиженің өзі үлкен серпін болмақ.

XS
SM
MD
LG