Ссылки доступа

Түркістанда өзін өртеген студент қайтыс болды


Түркістанда өзін өртеген 20 жастағы студент қайтыс болды деп хабарлады Азаттыққа Түркістан қалалық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Хамза Досжанов.

“Ауруханаға денесінің 90 пайызын күйік шалып түскен 20 жастағы жігіт 13 желтоқсанға қараған түні қайтыс болды. Марқұмның денесі мәйітханада. Туғандары құжаттардың бәрін рәсімдеп, алып кетеді”, - деді Хамза Досжанов.

Ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова Түркістан қалалық ішкі істер басқармасына өз-өзін өртеу туралы хабар 7 желтоқсан күні түнде ауруханадан жеткенін мәлім еткен. Полицияның айтуынша, алдын ала тексеру барысында қаладағы оқу орындарының бірінде оқитын студенттің өзін өз үйінде өртегені анықталған. Жігіттің денесінің 90 пайызын күйік шалған.

Қаракөзованың сөзінше, бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша (“өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу”) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG