Ссылки доступа

Армения толығымен парламенттік басқару жүйесіне өтеді


Арменияның орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 6 желтоқсанда болған референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды

Президент Серж Саргсян ұсынған конституциялық реформаға сайлаушылардың 63 пайызы қолдап дауыс берсе, 32 пайызы қарсы болған.

ОСК оппозициялық "Армян ұлттық конгресс" (АҰК) партияның референдум жаппай заң бұзушылықтармен өтті, нәтижесін заңсыз деп жариялау жөніндегі өтінішін қарай бастады.

Оппозиционерлердің пікірінше, парламенттік республика бірінші кезекте президент Саргсянға тиімді. Себебі ол 2018 жылы болатын президенттік сайлауға қайта түсе алмайды. Ал конституциялық өзгеріс оны премьер-министр ретінде билікте қалуға мүмкіндік береді. Олай болған жағдайда, Саргсян заңды түрде елдің бірінші тұлғасы болып қала береді дейді оппозиция.

Реформа биліктің көппартиялылық парламенттік басқару жүйесіне негізделген.

XS
SM
MD
LG