Ссылки доступа

Қытай мен Египет тұтқындағы журналистер саны жағынан көш бастап тұр


Журналистерді қорғау халықаралық комитеті желтоқсанның 15-і күнгі баяндамасында екі елде БАҚ өкілдері жиі түрмеге қамалатынын мәлімдеді.

Нью-Йоркте орналасқан құқық қорғаушы ұйымның өкілдері жалпы алғанда, әлемде түрмеде отырған журналистердің саны «рекордтық көрсеткішке жеткен соңғы үш жылмен салыстырғанда біртіндеп төмендеп келетініне» назар аударды. Қазір әр елдің түрмесінде 199 БАҚ өкілі қамауда отыр, бір жыл бұрын бұл сан– 221-ді құраған еді. Желтоқсанның 1-дегі мәлімет боойынша, Қытайда - 49, Египетте – 23, Иранда – 19, Эритреяда - 17 және Түркияда 14 журналист абақтыда отыр.

Бұрынғы кеңес тік республикалар арасында тұтқындалған журналистердің саны бойынша биыл Әзірбайжан көш бастаған. Мұнда Азат Европа /Азаттық Радиосымен әріптес болған, журналистік зерттеулермен айналысқан Хадиджа Исмайлова секілді 8 адам темір торға жабылған.

Ресей, Қырғызстан және Түркіменстанда биыл бір журналистен түрмеге қамалған. Түркіменстанда шілде айында Азат Европа/Азаттық Радиосының тілшісі Сапармамед Непесқұлиев бас бостандығынан айырылды. Ресейде журналистерді қорғау комитеті Ростов-на-Дону қаласында сыни мақалаларымен танымал блогер Сергей Резниктің екі рет сотталғанына назар аударады. Үстіміздегі жылдың басында ол бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

XS
SM
MD
LG