Ссылки доступа

Қазақстанның Ұлттық Банкі теңгеге әсер ететін «іргелі факторлар» туралы мәлімдеді


Ұлттық Банктің пікірінше, теңгенің айырбас бағамы негізінен әлемдік қаржы, тауар нарығындағы баға өзгерістері мен ішкі нарықтағы шетел валютасына деген сұраныстан құралады.

«2014 - 2015 жылдары мұнай бағасының төмендеуі төлем балансының едәуір нашарлауына әкелді және сәйкесінше, ішкі валюта нарығындағы тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етті. 2015 жылдың желтоқсанынан бастап, Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 44,4-тен 37,8 долларға немесе 15 пайызға арзандауы, айырбас бағамына қосымша ықпал етті», – делінген Ұлттық Банктің баспасөз хабарламасында. Ұлттық Банк шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың қатынасын айқындайтын іргелі факторлардың әсеріне кедергі келтірмейтінін жариялады.

Доллар бағамы биржада тұрақты түрде өсуде. Бүгін, таңертеңгі сессия қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 337,8 теңгені құрады. Жыл басынан бері Қазақстанның ұлттық валютасы долларға шаққанда 85 пайызға құнсызданып кетті.

XS
SM
MD
LG