Ссылки доступа

Керри Мәскеуде Путинмен, Алексеевамен және Лавровпен кездесті


Ресей президенті Владимир Путинмен үш жарым сағатқа жуық созылған кездесуінен соң, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Вашингтонның Сирияның болашағына президент Башар Асадтың қатысы жоқ дейтін ұстанымын тағы да қуаттады.

Керри Ресейге салынған санкцялардың Украинаға байланысты Минск келісімдері толығымен орындалғанда ғана алынатынын баса айтты. Сонымен бірге, Керри АҚШ Ресейді оқшаулау саясатын ұстанбайтынын ескертті.

Мұның алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Мәскеулік Хельсинкий тобының басшысы Людмила Алексеевамен кездесті және Арбат бойымен серуендеді.

Радио Свобода тілшісіне берген сұхбатында, Людмила Алексеева АҚШ елшісінің Мәскеудегі резиденциясында өткен кездесуге жалғыз барғанын және оның 40–45 минутқа созылғанын айтты. МХТ жетекшісі Керримен кездесу кезінде шетелдік агенттер туралы заңға қатысты сыни ұстанымдарын қайталап жеткізген. Алексееваның сөзінше, Ресейдің АҚШ-пен арадағы дүрдараз қарым-қатынасынан пайда жоқ.

Керридің Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздері Сирия мен Украинадағы жағдайға арналды. Лавров қос тараптың «Ислам мемлекеті» тобына қарсы тиімді әрі үйлесімді күресу үшін бірлескен қадамдарын мақұлдасқандарын айтты.

XS
SM
MD
LG