Ссылки доступа

Пентагон: Ауғанстандағы қауіпсіздік деңгейі күрт нашарлап барады


Пентагонның АҚШ конгрессіне дайындаған жаңа есебінде, соңғы жарты жылдықта Ауғанстандағы қауіпсіздік деңгейінің күрт төмендеп кеткені туралы баяндалады.

Содырлардың қанды шабуылдары жиілеп кеткен, ауған қауіпсіздік қызметі едәуір шығындарға ұшырауда. Баяндамада елдің күш құрылымдарының тиімділігі «біркелкі емес және аралас» деп бағаланады.

Қаңтардың 1-і мен қарашаның 15-і аралығындағы елдегі адам өлімі былтырғы жылмен салыстырғанда 27 пайызға артқан.

Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО әскерінің қолбасшысы генерал Джон Кемпбелл Associated Press агентт агенттігіне «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының қатарына өткен содырлар саны өсіп келе жатқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, ИМ экстремистері елдің шығысындағы Джалалабадта аймақтық база құруды көздейді және оларға Сирия мен Ирактан толассыз кеп жатқан «шетелдік жауынгерлер» қосылуда.

XS
SM
MD
LG