Ссылки доступа

Қырғызстанда тұңғыш спорт телеарнасы жұмысын бастады


Санды телехабар тарату жүйесінің әлеуметтік бөлігіне желтоқсанның 15-нен бастап, жаңа спорт телеарнасы - «КТРК Спорт» қосылды.

КТРК телеарнасының ресми сайтына сүйенсек, жаңа арна 24 сағат бойы барлық кабельді арналардан көрсетіледі және елдің барлық аумағында сандық формата тамашалауға болады.

Телеарнаның мақсаты – елдегі спорттың дамуына қолғабыс ету, ұлттық ойын түрлерін тарату мен өрлеуіне ықпал жасау, салауатты өмір салтын насихаттау.

XS
SM
MD
LG