Ссылки доступа

Өзбекстанда фермерлердің мүлігін тәркілеу жалғасуда


Өзбекстанның Жизақ облысының аттас ауданында мақта мен бидай сату бойынша мемлекеттік тапсырыс пен жоспарды орындамаған, сонымен қатар кәсіпорындар мен банктерге қарыз боп қалған фермерлердің дүние-мүлкін тәркілеу жалғасуда.

«Айбалта» деп аталатын науқан барысында билік борышкерлердің қолында барын тартып алып жатыр.

Жизақ ауданында сот шешімдерін орындау департаментінің қызметкерлері 200-ден астам фермердің мүлкін алып қойған.

Қауіпсіздігі үшін аты-жөнін атамауды жөн көрген фермер: «Олар фермерлерге сот орындаушылары, әкімдік, әділет және полиция қызметкерлерін қосқанда 7-8 адам боп келеді. Қарыз боп қалған фермердің үйіндегі қолына іліккен заттың бәрін алып кетеді», -деді.

Жизақ шаруалары мүлікті тәркілеу науқаны жергілікті билікке жақын фермерлерді айналып өтетінін айтып, шағымдануда.

Биыл Өзбекстанда фермерлердің басым бөлігі мақта мен бидай бойынша мемлекеттік тапсырыс-жоспарды орындай алмады және коммерциялық банктер мен кәсіпорындар алдында қарыз боп қалды.

XS
SM
MD
LG