Ссылки доступа

АҚШ президенті Обама жыл қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізеді


Бүгін, желтоқсанның 18-і АҚШ президенті Барак Обама баспасөз конференциясында жылды қорытындылайды

Бейсенбі күні Вашингтон түбіндегі Ұлттық террорға қарсы күрес орталығында журналистермен тілдескен Обама АҚШ аумағында террорлық шабуыл дайындалып жатқаны туралы ешқандай мәлімет жоқтығын мәлімдеді.

Америкалық әкімшіліктің баспасөз хатшысы Джош Эрнест жұма күнгі баспасөз конференциясынан кейін, президенттің Сан-Бернардиноға (Калифорния штаты) барып, желтоқсанның 2-сі күні 14 адамның өмірін қиған қарулы шабуыл құрбандарының туыстарымен кездесетінін хабарлады. Қанды оқиғаға Саид Фарук пен оның әйелі Ташфин Малик кінәлі деп танылды.Екеуі де полициямен болған атыста көз жұмды.

Бұған дейін, бейсенбі күні Фаруктың досы Энрике Маркестің тұтқындалғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол алдын-алудың сәті түскен өзге шабуылдарды дайындады деп айыпталуда.

XS
SM
MD
LG