Ссылки доступа

Қырғызстан оқушысы Оңтүстік Кореядағы олимпиада жүлдегері атанды


Чынгыз Тилебалдиев 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында өткен Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қола медальды жеңіп алды.

Химия, биология және физика пәндері бойынша олимпиада оңтүстік кореялық Тэгу қаласында желтоқсанның 2-11-і аралығында өткен. Жарысқа әлемнің 43 елінің оқушылары қатысты.

Қырғызстан атынан «Себаттың» 5 лицей оқушысы - Данияр Шерали уулу, Ислам Бекташев, Ильяс Батырбеков, Кылым Соодонбеков және Чынгыз Тилебалдиев барған. Нәтижесінде нарындық лицейдің оқушысы Чынгыз Тилебалдиев үшінші орын алды.

Оқушылар арасындағы Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (International Junior Science Olympiad, IJSO) 11 жылдан бері тұрақты өтеді. Олимпиада тестілік, теориялық және тәжірибе-сынамалық тапсырмалардан тұрады.

XS
SM
MD
LG