Ссылки доступа

«Ұлт Көшбасшысы» туралы заң жобасы президенттің қол қоюына жолданды


Russia -- Tajik President Emomali Rahmon during his meeting with Russian President at the Bocharov Ruchei residence in Sochi, October 6, 2015

Russia -- Tajik President Emomali Rahmon during his meeting with Russian President at the Bocharov Ruchei residence in Sochi, October 6, 2015

Тәжікстан парламентінің жоғарғы палатасы президент Эмомали Рахмонов пен оның отбасы мүшелеріне өмір бойына қауіпсіздігі мен әлеуметтік қорғалуы жағынан толық кепілдік беретін «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы– ұлт Көшбасшысы» туралы заң жобасын қабылдады.

Желтоқсанның 18-де мақұлданған заң жобасы «бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы және ұлт Көшбасшысы» ұғымдарын анықтайтын, оның өзі мен отбасына берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қарастыратын 16 баптан тұрады. Заң жобасын тәжік парламентінің төменгі палатасы желтоқсанның 9-да бірауыздан қабылдаған болатын.

Заң жобасы енді республика президентінің қол қоюына жіберілді. Заң ресми басылымдарда жарияланған соң күшіне енеді.

Депутаттардың сөзінше, заң жобасының екінші бөлімінде қоғам тарапынан «ұлт Көшбасшысына» құрмет көрсетудің тәртібі белгіленген. Құжаттың екі бабы «ұлт Көшбасшысының» кітапханасы мен мұражайын ашуға арналған.

63 жастағы Эмомали Рахмон елді 1992 жылдың қарашасынан бері басқарып келеді. Ол екі бірдей конституциялық реформаның нәтижесінде, бірнеше мәрте президент боп сайланды. Қазіргі өкілеттілігі 2020 жылдың қарашасында аяқталады. 1998 жылы Тәжікстан президентінің ар-ожданын қорғау туралы заң қабылданды.

XS
SM
MD
LG