Ссылки доступа

Украина ІІМ басшысы Аваков Одесса губернаторы Саакашвилиді сотқа берді


Ukraine -- A combo photo of Arsen Avakov (L) Minister of Internal Affairs and Mikheil Saakashvili (R) Governor of Odessa region
Ukraine -- A combo photo of Arsen Avakov (L) Minister of Internal Affairs and Mikheil Saakashvili (R) Governor of Odessa region

Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков Михаил Саакашвилидің үстінен «ар-ожданыма тиді» деп шағымданған.

«Интерфакстың» хабарлауынша, бұл туралы ол «1+1» телеарнасының эфирінен мәлімдеген.

Украина ІІМ басшысы елдің премьер-министрі Арсений Яценюктің де Одесса губернаторы Саакашвилидің үстінен сотқа шағымдануы мүмкін екенін айтқан.

Желтоқсанның 14-де реформалар жөніндегі Ұлттық кеңестің жиналысында Аваков пен Саакашвилидің арасында керіс болып, екі жақ бір-бірін жемқорлықпен айыптады, ІІМ басшысы су құйылған стаканды лақтырды. Жиналыстан кейінгі брифингте Саакашвили Аваковты «жемқорлықтан түсетін табысқа» бейресми қарулы күштерді қаржыландырады деп айыптады. Ол сонымен бірге, жемқорлықтың бұл түріне Украина премьер-министрі Арсений Яценюкті ң де қатысы барын мәлімдеді.

Ұрыс-керістің салдарынан Украина президенті Петр Порошенко реформалар жөніндегі Ұлттық кеңестің жиналысын жабуға мәжбүр болды. Кейінірек ол Facebook бетінде «адамның арына тиетін және оның патриоттығына күмән келтіретін, нәсілшілдік астары бар, қорлайтын сөздерге» жол беруге болмайтынын жазды. Бұл орайда ол, «жемқорлықпен күрес - шоу-бинестің саласы еме»,-деп ескертті.

XS
SM
MD
LG