Ссылки доступа

Самарқандықтар жаңа жылды мейрамханаларда тойлай алмайды


Uzbekistan - night in Tashkent before New Year
Uzbekistan - night in Tashkent before New Year

Самарқанд облысының хокимі (әкім) Зойир Мирзаев қала тұрғындарына Жаңа жылда көрінген жерде «қаңғымай»,мерекені отбасында қарсы алуға кеңес берді.

Хокимнің шешімімен, желтоқсанның 31-де қаладағы барлық кафе,бар және мейрамхана жабылады.

Жергілікті басылымдардың бірі –«Самаркандский вестник» газеті бұл туралы хоким Мирзаевтың Жаңа жылды мерекелеу дайындығына арналған жиналыста хабарлағанын жазады.

Мирзаевтың пікірінше, Жаңа жыл отбасылық мереке боп есептеледі, сондықтан адамдар бұл мейрамды үйінде тойлауы керек,ал желтоқсанның 31-де барлық қоғамдық тамақтанатын және көңіл көтеретін орындар жабылуы тиіс.

Бұдан бөлек, Самарқанд облысының басшылығы барлық сауық орындарына мереке қарсаңындағы күндері бұқаралық шараларын түнгі 23:00-ге дейін аяқтауды және қонақтар санын 400-ге дейін шектеуді тапсырған.

XS
SM
MD
LG