Ссылки доступа

Тәжікстан сарапшылары ақпараттық сайттарды құлыптауға қарсы


Желтоқсанның 19-да Душанбеде өткен «БАҚ және Тәжікстандағы журналистердің қауіпсіз қызметі» атты дөңгелек үстел барысында, сайттар мен әлеуметтік желілерге кіруді шектеудің елдің ақпараттық қауіпсіздігіне қатер төндіретіні туралы айтылды.

Тәжікстанның интернет-провайдерлері қауымдастығының төрағасы Асомиддин Атоев Ютуб видеохостингіндегі Тәжікстаннан барған сарбаздың Сириядағы жихад туралы бейнеролигін мысалға келтірді. Лаңкестің мәлімдемесін интернет қолданушылар елеусіз қалдырған, бірақ бейнекөрініс құлыпталысымен оны көрушілердің қатары өсе бастаған.

Дөңгелек үстелде сонымен бірге, шенеуніктердің қызмет бабын теріс пайдаланып журналистер мен БАҚ-қа қысым жасайтыны, ішкі цензураның өскені, бұлардың сөз бостандығы деңгейіне жағымсыз әсер ететіні айтылды.

Елдегі интернет-провайдерлер тұрақты түрде Радио Озоди, «Озодагон» агенттігінің сайттарын, сонымен бірге Фейсбук, Ютюб әлеуметтік желілерін құлыптап отырады. Кей жағдайда байланыс қызметі техникалық себептерге байланысты кіруге мүмкін еместігі туралы хабарлайды.

XS
SM
MD
LG