Ссылки доступа

Бішкектегі «Манас» әуежайына бомба қойылғаны туралы ақпар жалған боп шықты


Kyrgyzstan - Manas Airport.
Kyrgyzstan - Manas Airport.

Қырғызстаның қауіпсіздік қызметі желтоқсанның 20-да «Манас» халлықаралық әуежайында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар берген белгісіз адамды іздестіруде.

Алдын-ала мәлімет бойынша, жалған ақпар әуежай әкімшілігінің электронды поштасына әзірге анықталмаған IP-адрестен жіберілген.

Дабыл бойынша, әуежайға шұғыл түрде Қырғызстан МҰҚК өкілетті қызметкерлері жеткен. Қырғызстан ІІМ және «Манас» әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірге әуежай мен ұшақтарды тексергенімен, ешқандай жарылғыш зат таппады. Қазір «Манас» әуежайы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр, бірақ қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Билік өкілдері террор туралы жалған ақпар беру қылмыстық жауапкершілік жүктейтінін ескертеді. Мұндай «қалжыңбастар»айыппұл төлейді, түзеу жұмыстарына жегіледі немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

XS
SM
MD
LG